Қарттар үйінде қариялардың зейнетақысын ұрлағандар жауапқа тартылды

540

Қарағанды облысы Абай қаласындағы қарттар үйінің директоры Н.Сыздықан қариялардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлағаны үшін 2 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қарттар үйінде қариялардың зейнетақысын ұрлағандар жауапқа тартылды Фото: egemen.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Қарағанды облысы бойынша департаменті "Qamqor" жедел алдын-алу шарасы аясында қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамының қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Оның ішінде 30 мүгедек пен 60 зейнеткер бар. Айыппұлдан өзге директорға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Сондай-ақ, КММ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі екі маманына М.Евстафьева мен Ю.Лимарева және Абай қаласының "Қазпошта" бөлімшесінің қызметкері Л.Брушневскаяға қызметтік жағдайларын пайдаланып алдау және теріс пайдалану арқылы өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін үкім шығарылды. Олар кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Жазаны өтеу мерзімінде мәжбүрлі еңбекке тартылып, пробациялық бақылау белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу