Алматыда қарттарды алдап, 1,5 млрд теңге тапқан күдіктілер ұсталды

446

Өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырған топтың әрекеті әшкереленді.  

Алматыда қарттарды алдап, 1,5 млрд теңге тапқан күдіктілер ұсталды Фото: berestovitsa.gov.by

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен егде жастағы азаматтарға қатысты интернет-алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер өздерін құқық қорғау органдарының және қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүліктерін сатуға және қаражаттарын бақылаудағы шоттарға аударуға көндірген.

Алдын ала есеп бойынша келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 1,5 млрд теңгеден асқан.

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен бірнеше адам анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сараланған.

Сот күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтау және іске қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды белгілеу бағытында жұмыс жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу