Қарттарды әлеуметтік қолдауға 7 миллиардтан астам теңге бөлінген

1567

Қазақстан 1998 жылы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалауды бастады.

Қарттарды әлеуметтік қолдауға 7 миллиардтан астам теңге бөлінген

Қарттар күнін мерекелеу аясында бір жолғы материалдық көмекке 3,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте, 1,2 млрд теңге санаториялық-курорттық емделуге, 1 млн-нан астам теңге қоғамдық көлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, тіс протездеуге бағытталады. 1,5 млрд теңгеден астам  соманы басқа көмек түрлеріне бөлу жоспарлануда.

"Осы жылы жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қарт адамдарды әлеуметтік қолдауға 7 миллиардтан астам теңге бөлу жоспарлануда. Біржолғы материалдық көмекке – 3,2 млрд. теңге, қоғамдық көліктерде жеңілдетілген жол жүру ақысына – 471,2 млн. теңге, дәрі-дәрмекпен жеңілдікпен қамтамасыз етуге – 352,4 млн. теңге, тіс протездеуге – 187,5 млн. теңге, 2 млрд. теңге, үйді жөндеуге – 19,8 млн. теңге, отынмен қамтамасыз етуге – 176,1 млн. теңге, азық-түлік пакетін ұсынуға – 341,3 млн. теңге, басқа да көмек түрлеріне – 636,8 млн. теңге", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов.

Сондай-ақ, ол аға буын өкілдері – елдің алтын қоры, салт-дәстүрдің қорғаушылары, отансүйгіштіктің, адалдықтың, шыдамдылық пен оптимизмнің үлгісі болып табылатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу