Қару, есірткі, ұрланған көліктер: ҰҚК мен ІІМ бірлескен операциясында 20 адам қолға түсті

116

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қару, есірткі, ұрланған көліктер: ҰҚК мен ІІМ бірлескен операциясында 20 адам қолға түсті Фото: ҰҚК

Іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткізілді. Бұл туралы ҰҚК хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қару-жарақты өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөлікті заңдастыру, сондай-ақ өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операцияны жүзеге асырды, – делінген хабарламада.

Іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткізілді.

Нәтижесінде 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу