Қару иелеріне талап күшейтілді

87

Елде қару ұстайтын заңды тұлғалар өз қызметін тоқтатса, 10 жұмыс күні ішінде қару-жарақты ішкі істер органдарына тапсыруға міндеттеледі.  

Қару иелеріне талап күшейтілді Фото: Сенат

Енді жеке күзет қызметінде тіркелген қару-жарақ иесінің емес, мемлекеттің қадағалауында болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тиісті заң жобасы Сенатта қаралды.

Сондай-ақ жеке күзет ұйымдары жұмысын тоқтатып, қайта бастаса немесе тіркелген мекенжайынан тыс жерде қызмет көрсетсе – ол туралы 5 күн ішінде уәкілетті органға хабарласуы қажет.

Тиісті құжаттағы актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды кеше сенаторлар қарап, мақұлдады.

Заңның тағы бір бөлігі тұрғын үй қатынастарына қатысты болды. Енді құқық қорғау және арнайы мемлекеттің органдар мен әскери қызметшілерді баспанамен қамту әрі тұрғын үй төлемдерін жүргізу тәртібі жетілдіріледі.

"Қаралып отырған заң күзет саласын жетілдіруді, сондай-ақ қару иелеріне қойылатын талаптарды күшейтуді көздейтін нормаларды қамтиды. Заңда әскери қызметшілердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін жетілдіруге арналған түзетулер де бар. Мақұлданған жаңа нормалар аталған салада мемлекеттік реттеу және бақылау жүргізу тиімділігін арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз", – деп мәлімдеді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Қазір ішкі істер органдарында 4,5 мыңға жуық жеке күзет ұйымы тіркелген. Күзетшілер саны 97 мыңнан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу