Қару қолдану арқылы жасалатын қылмыс 50%-ға қысқарды

753

Соңғы 5 жылда ел азаматтарынан 10 мыңнан астам атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қару қолдану арқылы жасалатын қылмыс 50%-ға қысқарды

Бөлім басшысының баяндауынша, ел аумағында 14 мамыр мен 17 маусым аралығында "Қару" кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

"Қазірдің өзінде заңсыз сақталған 700-ден астам атыс қаруы тәркіленді. 195 мыңға жуық мылтық иесі тексерілді. Оның ішінде 5,4 мыңнан астам адам тиісті ережені бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Қабылданған іс-шараның тиімділігіне соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыс санының 50%-ға қысқарғаны дәлел. Биыл бұл көрсеткіш 21%-ды құрады", – деді Асылбек Ыдырысов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу