Қызылорда облысында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу, ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған азаматтық қару айналымын бақылау, сақталуын қамтамасыз ету, дабыл қондырғыларының сапасын және заңнама талаптарына сай болуын бақылау мақсатында Қызылорда облысы аумағында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады облыстық ОІІД.
Шара барысында полиция қызметкерлері арнайы рейд жүргізіп, қару-жарақ иелерін тексерді. Нәтижесінде іс-шараның 1 күнінде 32 заң бұзушылық анықталып, ішкі істер органдарында тіркелмеген 4 қару тәркіленді. Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы бойынша азаматтық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 17 қару иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін 11 қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.