Қару-жарақ дүкенінде болған жарылыс ісі бойынша үкім шығарылды

Аталған оқиға салдарынан төрт адам қайтыс болды.  

Қару-жарақ дүкенінде болған жарылыс ісі бойынша үкім шығарылды Фото: kstnews.kz

Қостанайдағы "Оружейная палата" дүкенінде өткен жылдың 3 қыркүйегінде жарылыс болды. Салдарынан жақын маңдағы бір қабатты үйлер отқа оранды. Өрт жақын маңдағы ТҚС ғимараттарының, асхананың шатырларына өтіп, 2000 шаршы метрден астам аумақты шарпыған. Іс бойынша жауапкер "Сатурн 2012" ЖШС мен "Оружейная палата" дүкенінің басшысы Сергей Бескровный болды.

Оған "Жауапты адамның абайсызда ауыр зардаптарға және төрт адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы" бабы бойынша айып тағылды. Өрт салдарынан төрт адам қаза тапты, сонымен қатар алты адам әртүрлі дене жарақаттарын алып, азаматтардың мүлкіне жалпы сомасы 491 млн 31 мың 129 теңге залал келтірілді.

Сергей Бескровныйға 5 жылға бас бостандығынан айыру түсінде жаза кесілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу