Қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алуға 95 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

919

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Асылбек Ыдырысов соңғы 13 жылда қару-жарағын өз еркімен полицияға тапсырған отандастарымызға 1,7 млрд теңге сыйақы берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алуға 95 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

"2008 жылдан бастап тұрғындардың заңсыз сақталған қару-жарағын сатып алу акциясы жүргізіліп келеді. Осы уақытқа дейін ел азаматтары өз еріктерімен полицияға 53 мыңнан астам атыс қаруы мен иір ойықты мылтыққа арналған 2 млн данадан астам оқ тапсырды. Бұл үшін оларға 1,7 млрд теңге сыйақы берілді", – деді Асылбек Ыдырысов.

Бөлім басшысының баяндауынша, биыл ел тұрғындарынан заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алуға бюджеттен 95 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

"Азаматтар полиция органдарына өз еріктерімен 1 381 атыс қаруын, иір ойықты мылтыққа арналған 57 292 оқ, сонымен қатар 11 жарылғыш құрылғы және 15 келі жарылғыш зат тапсырды. Осының жалпы құны 91 млн 467 мың теңгені құрады", – деді Асылбек Ыдырысов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу