Қару-жарақ тапсырғандарға 4,6 млн теңге сыйақы берілді

1011

Өңірде тіркелмеген атыс қаруын ерікті түрде тапсыру акциясы жалғасуда.

Қару-жарақ тапсырғандарға 4,6 млн теңге сыйақы берілді

Аталмыш акцияны жүзеге асыру үшін барлығы 9 000 000 теңге бөлінген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Акция барысында қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін облыс тұрғындары жалпы сомасы 4 600 000 теңге сыйақы алып, құқық қорғау органдарына 74 бірлік қару тапсырды. Сондай-ақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсыруға болады. Айта кету керек,  акция алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, заңсыз сақталған қаруды анықтау мақсатында  өткізіледі",– дейді облыстық полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты заңсыз сақталған қаруды тапсырғысы келген азаматтар "102" нөміріне қоңырау шалу арқылы өткізе алады.

Полиция қызметкерлері барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, өтініш берушіге келіп, өтініштер мен осы заттарды қабылдайды, содан кейін қару баллистикалық сараптамаға жіберіледі. Соның нәтижесі бойынша азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.

Тапсырылған қару үшін сыйақы заңға сәйкес төленеді. Мемлекет қарудың әр бірлігі үшін 10-нан 100 АЕК-ге дейінгі соманы төлейді.

Атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды ерікті түрде өтеусіз тапсыру акциясы – бұл әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азаматтар үшін мемлекетке тіркелмеген қаруды ақшалай сыйақы үшін берудің тамаша тәсілі. Ерікті түрде тапсырған кезде олар әкімшілік және қылмыстық жазадан босатылады, ал тапсыру рәсімі қарапайым және көп уақытты алмайды.

Полиция акция аяқталғаннан кейін анықталған заңсыз сақталған қару үшін азаматтар жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу