Бұдан былай Қазақстан әскеріне қажетті қару-жарақты Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сатып алады. Бұл ереже "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды astanatv.kz.
Құжатты сенат отырысында вице-министр Аманияз Ержанов таныстырды.
Уақыт өте келе барлық әскери техника толықтай жаңартылып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтпақ.
"Барлығы біздің министрлікке ауыстырылып жатыр осы заңнаманың ішінде қабылданып жатқан статьялар бойынша. Бұрынғы бөлінген бюджет те толықтай бізге ауыстырылады. Ал, сомасын айта алмаймын, ол жабық тақырып", – дейді қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Аманияз Ержанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу