Қаруды оқу және жаттығу мақсатында қолдануға кім рұқсат етеді?

543

Ереже барлық дене шынықтыру және спорт ұйымдарына қолданылады.

Қаруды оқу және жаттығу мақсатында қолдануға кім рұқсат етеді? Фото: pexels

Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылғы 28 шілдедегі бұйрықпен "Спортпен шұғылдану кезінде және оқу мақсатында қару қолдану ережесін" бекітті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Атыс тирлерде (атыс орындарында) атыс жүргiзілетiн арнайы орындарда және стендттерде iрi калибрлi, кiшi калибрлi, пневматикалық (үрлемелі қуаты 7,5 Джоульдан жоғары және калибрі 4,5 миллиметрден астам) және стендтi қарудан атыс, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21281 болып тіркелген) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар беру кезіндегі рұқсат талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

"Атыс тирлерде және стендттерде қатаң түрде спорт жұмысының жоспары немесе ұйымның басшысы бекіткен сабақ кестесi бойынша жүргізіледі", — делінген хабарламада.

Спорттың атыс түрлері бойынша (оқ ату, стендті, практикалық) оқу-жаттығу сабақтарын атыс басшылары өткізеді, ол үшін арнайы жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар, спорт төрешілері жiберiледi.

Сондай-ақ, спортшыға немесе атыс басшысына қару-жарақ бөлмесінен қару беру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының талаптарына сәйкес қол қою арқылы жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу