Қаруды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтар анықталды

1156

Қазақстан аумағына қару әкелетін ірі арна жойылды.

Қаруды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтар анықталды

Алматы, Шымкент және Қызылорда қаласында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтар анықталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. 

"2019 жылдың 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілді. Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және "ұрылар қауымдастығы" аталмыш өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар болып табылады",– делінген хабарламада.

Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекенжайынан құрастыруға және қаруды қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылып, тәркіленген.

Осылайша, Қазақстан аумағына қару әкелетін ірі арна жойылған. Қазір ұсталғандардың бұрын сатқан криминалдық қаруларды заңсыз айналымнан алу үшін, іс-шаралар жүргізілуде екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу