АҚШ-тың Калифорния штатындағы мектептің бірінде оқыс оқиға орын алды. Палмдейлдегі "Хайлэндте" оқитын 14 жастағы оқушы мектепке қаруланып келіп, өзінің сыныптасын атқан, деп хабарлайды 24.kz.
Дәрігерлер жарақат алған оқушының өміріне қауіп төнбегенін айтады. Полиция қару кезенген шәкіртті ұстады, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Әзірге жеткіншектің мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу