Қаруланған бірнеше адам Каддафидің ұлын өз үйінде өлтіріп кетті

Марқұмның саяси кеңесшісі Абдулла Осман әлеуметтік желідегі парақшасында аталған фактіні растады. 

Қаруланған бірнеше адам Каддафидің ұлын өз үйінде өлтіріп кетті Фото: AP Photo / Dario Lopez-Mills

Еuronews-тің жазуынша, қастандықтың мән-жайы мен оны жасағандар туралы ешқандай мәлімет жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, ливиялық БАҚ Зинтан қаласына жақын жерде Сейф әл-Ислам Каддафидің 4 қарулы адамның қолынан қаза тапқаны жайлы ақпарат таратты.

– Қазіргі уақытта Сейф әл-Исламның мәйітін елге қайтару мәселесі ұйымдастырылып жатыр, – деп жазылған мәлімдемеде.

Сейф әл-Ислам Каддафи – Ливияның бұрынғы марқұм көшбасшысы Муаммар Каддафидің ұлы. 
Каддафи әулетіне жақын дереккөздерінің мәліметінше, әл-Ислам өз резиденциясының жанындағы бақта ауыр жарақаттанған. Шабуыл жасағандар оқиға орнынан шұғыл із суытқан. Al Jazeera телеарнасы қастандық болар алдында Каддафидің үйіндегі барлық бейнебақылау камерасы істен шыққанын хабарлаған. 

Ливияның Ұлттық бірлік үкіметінің Қорғаныс министрлігіне бағынатын 444-ші жауынгерлік бригада Каддафидің үлкен ұлы қарулы қақтығыстар барысында қаза тапқанын мәлім еткен. Десе де, бригада жауынгерлері мұны жоққа шығарды.

1972 жылғы Сейф әл-Ислам – Ливияны ұзақ жылдар басқарған диктатордың екінші ұлы. Ол Лондон экономика мектебінде докторлық дәрежесін қорғап, Каддафи режимінің реформаторы ретінде танылған.

Муаммар Каддафи 2011 жылы НАТО қолдаған халықтық көтерілістен соң биліктен кетіп, 40 жылдан аса уақытқа созылған басқарудан кейін елде басталған азаматтық соғыста қаза тапқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу