Қарулы қақтығыс аймағында қалған қазақстандық балалар саны 390-ға жетеді

1245

Қарулы қақтығыс аймағында қалған қазақстандық балалар саны  390-ға жетеді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймағында қалған қазақстандық балалар санын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтың мәліметінше, қазіргі уақытта Сирия-Ирак аумағында 16 жасқа дейінгі 390 бала бар – 214 ұл, 176 қыз.

"Бірден айтып өтейін, шын мәнісінде сонша балалардың тірі жүргеніне кепілдік бере алмаймыз. Олардың белсенді әскери операциялар мен Сирия әскері мен коалициялар аймағында болуы бек мүмкін", - деді Білісбеков "Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды жүзеге асыру жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдар кездесуі барысында.

ҰҚК мәліметіне сүйенсек, бомбалау аймақтарына Қазақстан азаматтары да тап болып жатады.

"Біз қайта тексеруге тырысып жатырмыз, бұл өте қиын жұмыс – ол жерде ешқандай консулдық қызмет жоқ, биліктің өзі қақтығыс аймақтарын бақылауға қауқарсыз. Дегенмен, бұл жұмысты атқаруға барынша күш салып жатырмыз", - деп сендірді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Қазір Қазақстанға 63 бала қайтарылған, тағы 50 баланы алып келу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу