Резервтегі әскери қызмет не үшін қажет?

607

ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі подполковник Бейбіт Сүлейменов резервтегі әскери қызметті енгізудің не үшін қажет болғанын, тиімді тұстары жөнінде айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

Резервтегі әскери қызмет не үшін қажет?

- Ал енді жалпы резервтегі қызмет не үшін қажет?

- Шет мемлекеттің резервтегі қызмет тәжірибесі Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын және ұтқырлығын арттырады. Резервтегі қызметті енгізу әскерлерді адам ресустарымен кепілді жасақтау үшін жауынгерлік әзірленген күштерді дайындау, сонымен қатар әскери бөлімдерді өрістету мерзімін қысқартады. Жалпы резервтегі қызмет Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын нығайтады.

- Заң қабылданса, резервтегілермен жиын өткізу мерзімі қай кезге жоспарланбақ, сол туралы айтып берсеңіз?

- Заң қабылданғаннан кейін резевтегілермен үш жыл мерзімге келісімшарт жасалады. Ол жыл сайын алпыс күн ішінде әр резевтегімен дайындық өтеді. Оның ішінде отыз күн әскери жиындар болады және ай сайын екі-үш күндік жауынгерлік бойынша сабақтар өткізіледі.

- Резервтегілерге жұмсауға бюджеттен қарастырылған шығыстар қандай?

- Резервтегілерді қамтамасыз етуді республикалық бюджет арқылы іске асыру ұсынылады. Әрине, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгерістер мен толықтыру енгізілгеннен кейін орындалатын болады. Ай сайын резервтегілерге Қазақстан Республикасы бойынша ең төменгі айлық төлену жоспарлануда және де әскери жиындар өткізу кезінде жұмыс орны бар резервтегі ай сайынғы орташа айлық төлеу жоспарланған.

- Резервтегілер қызмет атқару үшін басқа қалаларға жіберіле ме?

- Жоқ олар басқа қалаларға қызмет атқаруға жіберілмейді. Себебі резервтегі қызмет ол аумақтық принцип бойынша іске асырылады. Яғни олардың тұратын жері бойынша тартылады, себебі ол резевтегіге әскери бөлімге қысқа мерзімде жетуге мүмкіндік береді.

- Әскери міндетті азаматтар үшін резервтегі әскери қызметтің пайдасы қандай?

- Резервтегі қызметтің Қарулы Күштер мен азаматтар үшін бірқатар пайдасы бар. Азаматтарды алсақ, олар резервтегі қызметке кірген кезде олардың жұмыс орны және атқарып жатқан лауазымы сақталады. Әскери жиындарды өту кезінде және екі-үш күндік жауынгерлік сабақтар өту кезінде олар киім-кешек нысанымен және азық-түлік, тұратын жермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар медициналық тұрғыда қамтамасыз етіледі. Әскери жиындарды өту кезінде, сол мерзім олардың жалпы еңбек өтіліне қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу