Қазақстанның Қарулы күштерінде құрлық әскерлерінің қару-жарақ қатарына келіп түскен отандық өнім "Арлан" броньдалған дөңгелекті машинасын пайдалануға тәжірибе жүргізілуде, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Шығыс" полигонында қазақстандық броньды көліктің әскери мүмкіндіктері қысқы ауа райы жағдайында тексерілді. Тест-драйв аясында қарлы қиылыстардан әскери қызметшілер броньды машинамен марш жасап, "Арланмен" жабдықталған "САРП" әскери модулін іс-қимыл барысында сынап көрді. Сондай-ақ Калашников автоматынан, Драгунов мылтығынан және ОСВ-96 ірі калибрлі мылтықтан атып броньды көліктің беріктігін тексерді. Нәтижесінде отандық өнім жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жоғары өтімді, маневрлі және қорғанысы мықты екенін көрсетті.
"Арлан" – бұл минаға қарсы қорғанысы күшейтілген көп мақсатты броньды дөңгелекті машина. Бұл түрдегі машиналар сынықтар қарсы тұра алатын және жарылғыш заттың қуатын сейілту мүмкіндігі бар үлкен саңылауға ие. Салмағы 16 тонналық броньды көлік жылдамдығын 100 км/с күшейте алады және күрделі ауа райы кезінде -50⁰С-тан +50⁰С-қа дейінгі температурада пайдалану үшін толық бейімделген. "Арланның" жан-жақты электронды-оптикалық жүйесінің әскери модулі жылу беретін камерасымен, күндізгі көру камерасымен, лазерлік алысты өлшеуші құралмен кез-келген климаттық жағдайда түнгі және күндізгі уақытта бақылауға, барлауға және көздеп атуға мүмкіндік береді. Қазақстан Қарулы күштерінің талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып
"Арлан" броньды машинасы "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС құрастырушы бюросының қазақстандық мамандарының көмегімен жасалған және отандық қуатпен өндірілген.
2016 жылы бронды көліктердің бірінші легі еліміздің Қарулы күштеріне берілді, осыған ұқсас техника бүгінде ҚР ҚК-де жоқ. Аталған машинаның тиімділігін сынау үшін жеке құрам оқытудан өтті.