Қазақстан қарулы күштерінде 2017 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес тексеру жүріп жатыр. Бұл тексеру қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігінің деңгейін бағалау үшін барлық әскери бөлімде өткізіледі, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Негізгі мақсаты – жеке құрамның машығын, взвод, рота, құрамалар мен бөлімдердің батальондары басқармаларының жауынгерлік даярлығының шынайы деңгейін, бөлімшелердің қойылған жауынгерлік тапсырмаларды қысқа мерзімде орындауға әзірлігін жан-жақты тексеру, сондай-ақ оқу жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау барысында бөлімшелер мен олардың басқару органдарының жауынгерлік даярлығы мен үйлесімділігі, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау деңгейіне баға беру.
ҚР ҚК бас штабы арнайы кешен комиссия құрды. Комиссия еліміздің барлық өңіріне жіберілді. Бақылау тексерісі екі кезекте өткізіледі. Тексеруге батальондардың (дивизиондардың) барлық басқармасы, взвод, рота (батарея) және жауынгерлік оқ ату мен тактикалық оқу-жаттығуды өткізе отырып, штаттық жауынгерлік техникасы бар оларға теңестірілгендер тартылды.
Взводтар мен роталар жауынгерлік оқ ату (ВЖА), роталық тактикалық және жауынгерлік оқ атуы бар арнайы оқу-жаттығу барысында тексеріледі. Тексерілетін пәндердің қатарында оқ ату, тактикалық, арнайы дайындық, ұрыс машиналарын жүргізу, әскери топография, инженерлік, дене және саптық даярлық бар.
Сонымен қатар, комиссия қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, бағынысты құрамаларда жауынгерлік даярлықты басшылыққа алу жөніндегі лауазымды адамдардың жұмысының ұйымдастырылу жүйесін, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін тексереді. Әрбір әскери қызметшіге жеке дара тәртіпте және бөлімшелер құрамында теория жүзінде ғана емес, сонымен бірге іс жүзінде емтихан тапсыруға тура келеді.
Оқыту пәндері бойынша бақылау сабақтары бөлімдердің ұдайы орналасу пункттерінде және оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда өтеді. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқан бірқатар әскери қызметші жақсы жағынан атап өтілді.
Олардың қатарында 10810 әскери бөлімінің танкті батальон командирі подполковник Ербол Әубәкіров бар. Оның бөлімшесі оқ ату даярлығында үздік нәтиже көрсетті. Практикалық оқ атуда 32039 әскери бөлімі 1-мотоатқыш ротасының 2-мотоатқыш взводы мен 91678 әскери бөлімі таулы-егерьлік ротасының командирлері лейтенант Дархан Бекембай мен ұлан капитаны Жомарт Абдуллаев үздіктердің арасынан топ жарды.