Қарулы Күштерде бірқатар тағайындау болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;
Дулат Темірғалиұлы Адырбеков "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне;
Асқар Ахметұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы қызметіне;
Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың ресми сайтында.