Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб бөлімшелерінің басшылық құрамының аппараттық кеңесінде COVID-19 және инфекциялардың басқа да түрлерін анықтауға мүмкіндік беретін жеке ПТР-зертханасын құру жөнінде шешім қабылданды. Бұдан бөлек әскерилердің демалыс уақытына да шектеу енгізілді.
"Қолбасшылық жеке құрамның денсаулығына ерекше назар аударады. Осы мақсатта еңбек және демалыс режимі қызметті ұйымдастыру мүдделерін ескере отырып ұйымдастырылған. Демалыстағы әскери қызметшілердің вирусты жұқтыру жағдайлары анықталғанын ескере отырып, медицина қызметкерлерін екі апта мерзімге және басқа да әскери қызметшілерді үш аптаға дейінгі демалысына мораторий енгізу тапсырылды", – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қыметі.
Сонымен қатар аппараттық кеңесте тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қозғалды.
"Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің тұрғын үй қорының қолда бар ресурсы есебінен бұрынғы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуді көздейді", – деп жазылған хабарламада.
Құралай Құдайберген