Қарулы күштерде Sarbaz+ жобасы іске қосылды

146

Жоба жауынгерлік және арнайы даярлықтың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыруды көздейді. 

Қарулы күштерде Sarbaz+ жобасы іске қосылды Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы облысындағы Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөліміне Sarbaz+ пилоттық жобасы шеңберінде мерзімді әскери қызмет өткеретін алғашқы әскерге шақырылғандар легі келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қорғаныс министрлігінің бұл бастамасы мерзімді қызмет кезінде IT, телекоммуникация және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды басқару сияқты сұранысқа ие салаларда азаматтық мамандықтар алуға мүмкіндік береді.

Бастама әскери қызметті кәсіптік оқытуды, цифрлық шешімдерді, медициналық мониторинг жүйесін және бос уақытты сапалы ұйымдастыруды біріктіруді көздейді. Бұл ерекшеліктер әлеуметтік қолдаудың маңызды элементіне айналып, әскер мектебінен өткен жас қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде заманауи тұрмыстық және оқу жүйесі енгізілді. Осындай жаңалықтардың бірі фитнес білезіктерін қолдану арқылы әскери қызметшілерді медициналық бақылау болды.

"Бізде сарбаздарға заманауи оқу базасынан жақсартылған инфрақұрылымға дейінгі барлық қажетті жағдай жасалған. Бұл біздің жастардың жеке және кәсіби әлеуетіне салынған инвестициялар", – деп түсіндірді 78460 бөлім командирінің орынбасары подполковник Бақытжан Сейтов. 

Әскерден кейін сарбаздар армиядан азаматтық өмірде пайдалы болатын білім мен дағды алып шығады. Бұл бағдарлама біліктілігін арттыратын мерзімді қызмет сарбаздарын, офицерлер мен сержанттар құрамын қамтиды.

Биыл қазан айында Sarbaz+ пилоттық жобасы аясында әскери бөлімде жеке құраммен тәрбие жұмысына жауапты офицерлер мен сержанттар үшін қарқынды курстар өтті.

Қорғаныс министрлігінің жобасы әскери қызметшілерді жан-жақты дамытуға және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған инновациялық дайындық моделіне көшуді білдіреді. Егер ол сәтті іске асырылса, мерзімді қызметтің бұл моделі ел Қарулы күштерінің барлық бөлімшесінде кезең-кезеңімен енгізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу