Қарулы Күштерде жауынгерлік даярлықтан сабақтар өтті

694

Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде армияның тыныс-тіршілігінің ағымдағы негізгі мәселелері қаралды, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.  

Қарулы Күштерде жауынгерлік даярлықтан сабақтар өтті

Қарулы Күштерде 2020 жылдың 2 желтоқсанында жаңа оқу жылы басталды. Бас қолбасшылар жауынгерлік даярлық бойынша өткізген кешенді тактикалық-саптық сабақтардың нәтижелері жөнінде баяндады. Бұл сабақтарға барлық құрамалар мен әскери бөлімдер қатысты. Санитарлық-эпидемиологиялық шектеулердің барлығын сақтай отырып өткен сабақтарда, жеке құрам дабыл бойынша көтеріліп, әскери техникалар тұрақтардан шығарылды, сондай-ақ басқару органдары мен штабтардың жұмыстары мен өзара іс-қимыл мәселелері іс жүзінде пысықталды.

Әскерлер, 7 желтоқсаннан бастап, әскери қызметшілерді мамандық бойынша даярлау шеңберіндегі жоспарлы іс-шараларға кірісті. Бұл шара ай соңында бақылау сабақтар мен атысты жүргізумен аяқталады.

Күнтізбедегі жылдың аяқталуына байланысты барлық гарнизондағы әскери объектілердің мердігерлері құрылыс және жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындауын қатаң бақылауға алуын тапсырды. Құрылыс ұйымдары мерзімдер мен міндеттемелерді сақтамаған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен талап ету жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

2020 жылы Қорғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жүргізген жұмыстарына алдын ала қорытынды шығарды. Түсіндірме, ұйымдастыру және тәртіптік сипаттағы кешенді шаралардың нәтижелері Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылықтың өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмендегенін көрсетті, ал сотталған әскери қызметшілер саны шамамен 2 есеге азайды. Бұл ретте, бюджет қаражатын ірі қымқыруға жол бермеді. Орын алған құқықбұзушылықтар тұрмыстық сипатқа ие болғандықтан, оны түбегейлі жою мақсатында, қазірдің өзінде жүйелі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қорғаныс министрі өткен аптада ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді атап өтті. Қарулы Күштердің әуеайлағындағы Ми-8 тікұшағының экипажы Каспий теңізінің жағасынан 11 шақырымда қалған жұмысшыларды көшіру кезінде тапсырманы сәтті орындады. Ақкөл қаласында екі әскери қызметші көшеде кенеттен ес-түссіз жатқан тоғыз жасар баланы құтқарып, уақытында алғашқы медициналық көмек көрсетті және емдеу мекемесіне дер кезінде жеткізді. Штаттан тыс кезде батылдық пен бастама көрсеткен әскери қызметшілерді мадақтауға нұсқау берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу