Қарулы Күштердегі қорытынды тексеру қазан айының бірінші жартысында өтеді

612

Қарулы күштерде әскерлерді қорытынды тексеру 5-16 қазан аралығында өтпек. Оған жеке құрамның 100% қатысады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Қарулы Күштердегі қорытынды тексеру қазан айының бірінші жартысында өтеді

"Әрбір әскери қызметші нормативтерді орындау, сынақтар мен тест тапсыру қорытындылары бойынша өзінің кәсібилігі негізінде бағаланады. Бөлімшелердің жауынгерлік қабілеттілігі мен үйлесімділігі, командирлердің жеке құрамды басқара білуі есептік кезеңде өткізілген оқу-жаттығулардың нәтижелері бойынша бағаланатын болады", – деп жазылған таратылған хабарламада.

Жеке құрамды ауыстыру үшін арнайы операциялар барысында әскери-көлік авиациясын пайдалануды жетілдіру жолдары белгіленген. Қазіргі уақытта  тікұшақтардан ғана емес, Қазақстан армиясының қару-жарақ құрамындағы Си-295 ұшақтарынан да парашютпен десант түсіруге мүмкіндік беретін шаралар қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ полигондарда атыс пен оқу-жаттығуларды өткізу кезінде әскери қызметшілер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды енгізу жөнінде нұсқау берілді. "Қоршау мен бақылаушыларды шығарумен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, оқу-жаттығу алаңдары мен іргелес аумақтарды шолу мен бақылау жүргізу, ал мәліметтерді нақты уақытында атыс пен оқу-жаттығу басшылығына шаралар қабылдау үшін беру жоспарлануда".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу