Қарулы күштердің 1500 жуық әскери қызметшісі cу апаты болған аймақтарға жіберілді

227

Олардың арасында офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және мерзімді қызметтің сарбаздары бар.

Қарулы күштердің 1500 жуық әскери қызметшісі cу апаты болған аймақтарға жіберілді Фото: Қорғаныс министрлігі

Республикалық жедел штабтың шешіміне сәйкес жергілікті ауылдар және тұрғын үй алаптарының су басу қаупіне байланысты Қорғаныс министрлігінен қосымша күштер мен құралдар бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Атырау облысына Тараз қаласынан темір жол көлігімен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5-ші механикаландырылған бригадасының 300 әскери қызметшісі біріккен жасақ ретінде жолға шықты.

Олардың арасында офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және мерзімді қызметтің сарбаздары бар.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскерлерінен солтүстік және батыс өңірлерге көмек көрсету үшін Тараз, Шымкент және Гвардейск гарнизондарының бригадаларынан мыңнан астам әскери қызметші жіберілді.

Әскери-көлік авиациясымен Батыс Қазақстан облысының облыстық орталығына Алматы және Жетісу гарнизондарынан 300-ден астам Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгері жеткізілді. Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Нұрмахан Құдайбергеновтың басшылығымен әскери қызметшілер Жайық өзеніндегі бөгеттерді нығайтуға және кірпіш зауыты ауданындағы Круглозерное, Серебряково елді мекендерінен және жас натуралистер станциясынан су бұруға жұмылдырылатын болады.

Бұл күндері су тасқынына көмекке жұмылмаған адам кемде-кем.  Әркім өз жұмысын тиянақты, сапалы, тындырымды және адал атқаруға барын салып жүр. 

Әскери қатынастар органдарының мамандары әскери техниканы темір жол платформаларына тиеуді, әскери органдар әскери қызметшілерін – лектерге ілесіп жүруді және оларды елді мекендерде патрульдеуді жүзеге асырады. Медицина қызметкерлері жеке құрамды медициналық қамтамасыз етумен айналысады.

27 наурыз бен 11 сәуір аралығында Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларға Қарулы күштердің 4 811 әскери қызметшісі, 170-тен астам автомобиль техникасы, 11 тікұшақ және 5 әскери-көлік ұшағы жұмылдырылды. 2 443 тұрғын эвакуацияланды, түрлі қызметтердің 825 маманы және 111 000 келіден аса жүк тасымалданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу