Мемлекет басшысының армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде әскерлер қазіргі заманғы бағдарлама бойынша оқытылған әскери қызметшілермен толықтырылады.
Қарулы күштер қатарына келген сарбаздар жарты жыл ішінде мотоатқыштар, танк, десанттық-шабуылдау әскерлеріне, артиллерияға, теңіз жаяу әскерлері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелеріне арналған ұрыс машиналарының механик-жүргізушілері және көздеуші-операторлары мамандықтарын меңгереді.
"Құрлық әскерлері оқу-жаттығу орталығының оқу-материалдық базасы кіші мамандарды жоғары деңгейде оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұнда үдеткіш-жаттықтыру құралдары, оқу-жаттығу полигондары, арнайы оқулықтармен жабдықталған ауқымды кітапхана бар. Тәжірибелі оқытушылардың еңбегінің арқасында орталықты бітірген түлектеріміз жауынгерлік даярлықта ұдайы жоғары нәтижелер көрсетіп келеді", – деп атап өтті оқу-жаттығу орталығының командирі полковник Алмас Доспаев.
Оқуды бітірген жауынгерлерді қызметін жалғастыру үшін Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдеріне жіберіледі.