Қарулы күштердің әскери қызметшілері Абай мұрасына құрмет көрсетуде

495

Бүгін Қазақстан халқы ұлы ақынның туғанына 178 жыл толуын атап өтіп жатыр.

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Абай мұрасына құрмет көрсетуде Фото: gov.kz

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері бір ай бойы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеуге арналған іс-шараларға қатысатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде елімізде жас ұрпақты қазақтардың рухани әлеміне зор үлес қосқан ойшылдың баға жетпес мұрасымен таныстыру үшін көп нәрсе жасалуда.

Ақынның шығармаларын әлем халқы он тілде оқи алады. Қазақстанның шетелдегі елшіліктері жанынан Абай орталықтары ашылған. Жоғары оқу орындарында "Абайтану" курсын оқыту енгізілді.

Абай күніне орай Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде Абай оқулары, әдеби кештер, викториналар мен мәнерлеп оқу сайыстары өтуде. Хакімнің өмір жолы мен шығармашылығы қай заманда да адамзат үшін рухани қолдау мен адамгершілік бағдар ретінде қызмет ете бермек.

Тамыз айының соңына дейін жалғасатын іс-шараларға әскери қызметшілер ғана емес, олардың отбасы мүшелері де қатысады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу