Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарланды.
"Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;
Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы – Құрлық әскерлері бас қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары қызметінен;
Жандарбек Сәдуұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың ресми сайтында.