"Қарындасым жазылса, менің басқа арманым жоқ": Бетперде таққан жігіт тағы бір отбасыға баспана сыйлады

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. 

"Қарындасым жазылса, менің басқа арманым жоқ": Бетперде таққан жігіт тағы бір отбасыға баспана сыйлады Фото: Бейнежазбадан

Қарындасын құтқару үшін тынбай жұмыс істеп жүрген 15 жастағы Полатқа "маскалы" жігіт күтпеген көмек көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасөспірімнің сөзінше, қарындасына шұғыл түрде бүйрек ауыстыру керек. Оның құны – шамамен 45 миллион теңге. Видеода Полат әкесі аурудан қайтыс болғанын, анасы 5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырғанын сөз етеді. Әрі олардың өз баспанасы да болмаған. 

– Қарындасыма жедел түрде бүйрек ауыстыру керек. Оның еміне 45 миллион теңге тұрады. Дәрігерлер анама "тағы бес балаңыз бар, одан бас тартыңыз" деген. Әкем аурудан қайтыс болды. Өз үйіміз жоқ. Мен қара жұмыс істеймін. Бірақ, жұмыс әрдайым табыла бермейді. Егер қарындасым жазылса, менің басқа арманым жоқ болар еді, – дейді Полат. 

    Сол сәттте бетперде таққан жігіт Полатты барынша жігерлендіріп, ерекше қуантқан.

– Осы жасыңда отбасыңа тірек болдың. Енді Алла саған да тірек жіберді. Құдай қаласа, қарындасың ем-дом алады. Әрі сендер баспаналы болдыңдар, – деді ол. 

Осыдан соң кішкентай Полат эмоциясын жасыра алмаған.

Жаза кетейік, қайырымды жігіт мамыр айының өзінде үшінші отбасыға баспана сыйлап отыр. 

Ол айдың басында бірнеше дерті бар курьерге баспана сыйласа, бір апта бұрын ғана мұқтаж отбасын қуантқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу