Қарыз инвестицияға санала ма? – Ұлттық экономика министрінің жауабы

Халықаралық ұйымдар Қазақстанның қарызы деңгейін "төмен" деп бағалаған. 

Қарыз инвестицияға санала ма? – Ұлттық экономика министрінің жауабы Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қарыз алуды қалыпты жайт деп санайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның ойынша, шетелден алынатын қарызға инвестиция деп қарау қажет. Себебі, қаржы тарту арқылы елді дамытуға, экономиканы көтеруге мүмкіндік туады. Сондықтан, қарыз алуды мәселеге айналдыра бермеу де керек. 

– Біз жол саламыз, инфрақұрылымға инвестиция саламыз, жаңа өндірісті іске қосамыз. Бұл еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін, болашақта экономикалық дамудың берік негізін қалыптастырады, – дейді экономика министрі. 

Сондай-ақ, ол халықаралық ұйымдар Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейін "төмен" деп бағалайтынын жеткізді. 

Еске салайық, бұған дейін еліміздің халықаралық банктен 11 жыл бойы төлейтін қарыз алғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу