Қарыз төлеу терминалдарының саны артады

676

 Қарыз төлеу терминалдарының саны артады

Әуежайлар мен вокзалдарда қарыз төлеу терминалдарының саны артады. Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетовтың айтуынша, бүгінде Қазпошта 10 шақты арнайы аппарат сатып алған. Негізі терминалдар еліміздің бес қаласында яғни, Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Ақтауда жұмыс істеп тұр. Сол арнайы құрылғылар арқылы 150 азамат берешектерін жапқан. Мұның бір артықшылығы борышкер сот орындаушысымен байланысқа шықпай, қарызды өтеп, қалаған бағытына сапарға аттана алады.

Жанат Ешмағамбетов ҚР әділет министрінің орынбасары:

"Ақпараттық қауіпсіздік туралы Заңға сәйкес барлық жүйе талапқа сай болуы керек. Бүгінде біз Центр кредит банкін сынақтан өткізіп жатырмыз. Егер бұл сәтті аяқталса, өзге де екінші деңгейлі банктерді де осы жүйеге қосатын боламыз. Қарызды толықтай өтеп болғандар 30-40 минуттың ішінде жүйе өндірісінен шығарылады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу