"Қарызды бюджеттің тесігін жабуға пайдаланып отырмыз": Депутат отандық тауар өндірушілерге үндеу жасады

383

Халық қалаулысының айтуынша, отандық тауарлардың өндірісін, оны қолданудың үлесін арттырса, соғұрлым ішкі қаржы айналымы арта түседі. 

"Қарызды бюджеттің тесігін жабуға пайдаланып отырмыз": Депутат отандық тауар өндірушілерге үндеу жасады Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин отандық тауар өндірушілердің мәселелерін көтеріп, мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының үш көзін атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Электр энергетикасы тауарларын өзімізде өндірсек, доллардың курсына аса тәуелді болмаймыз, себебі тауарды өзімізде шығарамыз. Бұл теңгенің аз да болса күшеюіне ықпал етеді. Экономистердің айтуынша, мемлекетке кіретін үш қаржы көзі бар. Бірінші – экспорт, бізде экспорттың 90% шикізат, оның ішінде 58% мұнай. Екіншіден, қаражат қаржы институттарынан келеді, оның көзі азайып қалды, біз қазір қарызды бюджеттің тесігін жабуға пайдаланып отырмыз. Үшінші қаржы көзі Қазақстанда шығарылатын тауарлар, ал бізде оның үлесі жоқтың қасы, – деді Еділ Жаңбыршин елордада өткен электр энергетика саласындағы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларына арналған іс-шарада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу