"Қарызға ет алып жүрген": Кентауда тұрғындарды 20 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

310

Қазіргі таңда әйелдің ісі сотқа өтті.

"Қарызға ет алып жүрген": Кентауда тұрғындарды 20 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысы бар 39 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, күдікті әйел осыдан екі жыл бұрын ет сататын дүкеннің иесінен қарызға ет алып, ақысын бөліп төлеймін деп сендірген.

Алайда арада жыл өтседе ақшасын қайтармай із-түзсіз кеткен. Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның дәл осындай 5 алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады.

Яғни оларды да сан соқтырып, қарызға жіліктеп ет алған. Айласын асырған әйел еттерді базарға апарып төмен бағада сатып, ақшасын жеке бас пайдасына жаратқан.

Жәбірленушілерге 20 миллион теңге шығын келтірген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу