"Қарызсыз қоғам": 850 мың азамат қаржылық сауатын арттырды

132

Жоба жүзеге асырылған екі жыл ішінде заңгерлер 70 мың адамға көмек көрсетті.  

"Қарызсыз қоғам": 850 мың азамат қаржылық сауатын арттырды Фото: gov.kz

Елде "Қарызсыз қоғам" жобасы арқылы 850 мыңға жуық тұрғын қаржылық сауатын арттырды. Жобаға қатысқандардың 40%-і қарыз жүктемесі мен несиелер санын азайтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда халықты интернет-алаяқтардың әрекетінен қорғап, қаржы пирамидаларынан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесі әлі де өзекті.

Осы мақсатта "AMANAT" партиясы мен Қаржылық мониторинг агенттігі өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Құжатқа партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен агенттік төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов қол қойды. "Қарызсыз қоғам" жобасы қарызға, қаржылық тұрақсыздық мәселелеріне тап болғандарды қолдаудың тиімді тетігіне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу