"Қарызсыз қоғам" жобасы: Halyk Bank ауыл тұрғындарының қаржылық сауатын арттырып жүр

782

Қарызға батпау үшін қайтпек керек?

"Қарызсыз қоғам" жобасы: Halyk Bank ауыл тұрғындарының қаржылық сауатын арттырып жүр Фото: inbusiness.kz

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Осылай деген Halyk Bank Amanat партиясымен бірге мамыр айында "Қарызсыз қоғам" жобасын бастады. Оның аясында, бір ғана Алматы облысының мыңдаған ауыл тұрғыны несие бойынша білімін арттырып, отбасы бюджетін тиімді басқаруды үйренді. Берешегі басынан асып, борышкер атанғандарға қандай шешімдер ұсынылды?

Бүгін Алматы облысындағы Мәдениет үйінің біріндегі зал лық толы. Онда "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 5 күн бойы оффлайн режимде білім алғандар жиналып, өз әсерлерімен бөлісті. Бұл жоба қаржылық алаяқтықты азайтуға, шамадан тыс қарызданып қалуды болдырмауға және ауыл тұрғындарының қаржылық мәдениетін жақсарту үшін қолға алынған. Қатысқандар игі іс үшін Халық банкке алғыс білдірді. Өйткені, олар дәрістен кейін маңызды дүниелерді ойға түйгендерін айтады.

"800 мыңдай қаражат алғанмын. Соны уақытында құя алмай, осы "Қарызсыз қоғам" бағдарламасына келіп, осы жобаға қатысып, қалай ақшаны құю керек. Қалай үнемдеу керек. Осындай семинарлар, осындай жобалар ауылдық жерлерде болса екен деймін. Жастарға үлгі болса екен деймін. Және осы "Қарызсыз қоғам" бағдарламасы жобасы ауылдық жерлерде тез тез болып тұрса екен деймін", - дейді Алматы облысының тұрғыны Гузеля Әжиева.  

Мамыр айында басталған бұл іс Halyk Bank пен Amanat партиясының бірлескен жобасы. Оның аясында еліміздің 8 өңірінен 50 мыңнан астам тұрғыны қаржылық сауаттылығын арттырған. Осылайша Halyk Bank ауылдағы ағайынға қаржыны тиімді басқару мен жұмсауды үйретіп жүр. Айта кетейік, Halyk Bank қашанда қайырымдылыққа келгенде қолындағы барын аяған емес. Мәселен, соңғы 3 жылда елдегі жетекші банк бұл мақсатқа 50 млрд теңге қаржы жұмсаған.

"Биыл біздің Халық банкке 100 жыл. Осы мерейтойға орай 100 игі іс жасауды мақсат еттік. Акция аясында мамыр айында "Қарызсыз қоғам" жобасын бастадық. Ол әлі де жалғасып жатыр. Шын мәнісінде, Халық банк қашанда ел игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Біз қайырымдылық шараларын жиі өткізіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге әрқашан дайынбыз", - дейді Halyk Bank Алматы облыстық филиалының директоры Гүлмира Ахметова.

Halyk bank жетекші қаржы институты ретінде елдегі маңызды бастамалардан да тыс қалмақ емес. Мұндай халық игілігіне бағытталған жобалар әрі қарай да жалғаса бермек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу