Қарызы бар арыстықтарға төлем карточкалары ашылмайды

664

55 мыңнан астам арыстық 12 тамыздан бастап 100 мың теңгеден алады.

Қарызы бар арыстықтарға төлем карточкалары ашылмайды

Арыс тұрғындарына 100 мың теңге көлеміндегі бірреттік көмек беріле бастайды. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев ақшаны алудың тәртібін түсіндірді.

Айта кетейік, өтемақы қаржыны республика көлемінде "Халық банкінің" кез келген банкоматынан алуға болады.

Қаржының түскен немесе түспегенін анықтау үшін, карточканы банкоматта 3-реттен артық қолдануға болмайды. Себебі 3 реттен артық қолданған жағдайда банктік комиссия төлемі ұсталады. Сонымен қатар, сот шешімдерімен қарыздары болған азаматтарға төлем карточкалары ашылмайды. Жолдымұрат Аманбаевтің айтуынша, мұндай жағдайда азамат сенімді өкіліне нотариалды сенім білдіре отырып, өтемақыны сенім білдірген өкілі арқылы ала алады екен.

Ал үйлерінде болмаған азаматтар карточкаларын 2019 жылдың 15 тамызынан бастап, Арыс қалалық "Халық банк" филиалдарынан алуына болады. Карточкаға түскен қаржыдан банктің комиссиялық төлемдері ұсталмайды.

Жалпы, бүгінде таңда Арыс қаласында халық банкінің 12 банкоматы қойылған. Сонымен қатар қосымша тағы 7-8 банкомат орнатылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу