Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев банктерді әлеуетті қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін тексеруге жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Айтуынша бұл банкроттық жағдайларының болашақта көбейіп кетпеуі үшін маңызды.
"Біз тұтынушылардың қарыздары көбейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Былтыр несие беру көрсеткіші 25%-ға артып, 7,7 трлн теңгеге жетті. Кредит алатындардың басым бөлігі – қарапайым азаматтар. Бірақ олардың төлем қабілеттілігін кепілсіз несие бермес бұрын дұрыстап тексеру керек деп есептейміз. Әйтпесе, алдағы уақытта банкроттық жариялаймын дейтіндер тым көбейіп кетеді деген қауіп бар", – деді Мәулен Әшімбаев.