Қарызын талап етіп, баладан сәлемдеме жіберген

4860

Желіде баланың аузы мен қолын байлап, қараусыз қалған ғимаратқа апарған әйел жайлы видео тарап кетті. 

Қарызын талап етіп, баладан сәлемдеме жіберген Фото: бейнеден скриншот

Оқиға Қарғалы ауылында болған. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева видеоға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Қыз бала табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Көрші әйел ауылдан кетіп, ізін суытып үлгерген. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу