Қаржаубай: Балам қолымда жан тапсырды

Марқұмның әкесі соттың жауап алу барысында төбелестегі Шерзатқа жасалған аяусыздық көріністерге тоқталды. 

Қаржаубай: Балам қолымда жан тапсырды Фото: бейнежазбадан

Бұл туралы Қаржаубай Нұрымов бүгінгі сот процесінің 2-бөлімінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, айыптаушылар Шерзаттың анасының жанайқайына құлақ түрмеген.

– Анасының жылауына, өтінішіне қарамады. Мен Шерзатқа пышақ тығып алды деп ойлаған жоқпын, сосын мамама қарай бардым. Арықтың ішінде су бар, соған тұншығып қалмасын деп. Сол кезде Шерзаттың мамасы айқайлап жатты, мен де айқайладым. Сосын барып өз көзіммен көрдім, сөйлеп отырған бала еді. Сөйлеп отырды. Мамасына "бірдеңе тығып алды, ауырып тұр" деп айтып жатты. Қай жағынан жарақат алды деп қарадым, алды жағын да. Сөйтсем, артқы жағынан, жауырынынан қан ағып жатыр екен. Соған қарамай Нұрқияс басынан бірнеше рет ұрды. Мен ажырата алмай жүрсем, Нұрқанатты да ұрды, – деді марқұмның әкесі.

Осы арада сот Ержан Жанұзақов Қаржаубай Нұрымовқа "үзіліс керек болса, айтыңыз" деді. Ол: "Жоқ үзіліс керек жоқ, нақты бүгін барлығының сұрағына жауап беремін" деп кесіп айтты.

"Шерзат автокөлікте қайтыс болды ма?" деген прокурор сұрағына Қаржаубай Нұрымов: "Мен машинаға салған кезде ол соңғы демінде жатты. Ауруханаға жеткізуге асықтым. Жолда жылдамдықты асырдым, сол уақытта бала жылжып кетіпті. Тоқтадым да, баланы қарап жатқызайын дегенде онда плюс болмай қалды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу