Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотта жауап беріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекеттік айыптаушы оқиға орнында болған екі қыз туралы сұрады. Қазір олар іс бойынша куәгерлер деп танылды.
"Екі қызға келетін болсақ. Мысалы, сіз бен мен ұрлыққа барсақ, мен есікті ұстап тұрсам, мен куәгермін бе әлде қылмыскермін бе? Ол кісілер куәгер ретінде жүреді. Олар тас атады, 102, 103 шақырмайды. Есіктің алдында Азамат, Шыңғыс және екі қыз болды. Олар есікті ұстап тұрды. Бірақ мен оған қарамастан, есікті итеріп, шығып кеткен кезімде, Дархан бөтелкемен бетімнен ұрды. Сол кезде мен есеңгірей бастадым", - деді Шерзаттың әкесі.
Айта кету керек, осыған дейін Шерзаттың әкесі жанжал қалай басталғанын айтқанын жазғанбыз. Марқұмның анасы айыпталушылармен бірге жүрген екі қыз туралы айтып берді.