Қаржы агенттігі Қазақстан банктеріне "исламдық терезе" ашуға рұқсат беруді ұсынды

149

Банктерге "исламдық терезелерді" ашуға рұқсат берудің оң және теріс жақтары болуы мүмкін. 

Қаржы агенттігі Қазақстан банктеріне "исламдық терезе" ашуға рұқсат беруді ұсынды Фото: neftegaz.ru

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банктеріне "исламдық терезе" ашуға рұқсат беруді ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Банктерге "исламдық терезелерді" ашуға рұқсат беру банктің қолданыстағы инфрақұрылымын пайдалана отырып, дербес заңды тұлға құрмастан исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Ислам банкінің активтері мен келісімшарттарын осы "исламдық терезеге" беру кезінде ислам банкін "исламдық терезесі" бар дәстүрлі банкке айналдыруға рұқсат беру ұсынылады", - деп жазылған агенттіктің банк қызметін реттеу саясатын жетілдіру жөніндегі консультативтік құжатында.

Дегенмен агенттің мамандары бұл ұсыныс қолдау тапқанның өзінде ықтимал сын-қатері болатынын ескертіп отыр.

"Банктерге "исламдық терезелерді" ашуға рұқсат берудің оң және теріс жақтары болуы мүмкін. Маңызды тәуекелдердің бірі беделді жоғалту ықтималдылығын айтуға болады. Исламдық қаржы өнімдеріне сұраныстың болмауы да маңызды тәуекел болып есептеледі. Шектеулі сұраныс жағдайында "исламдық терезе" тиімсіз болып, банк үшін қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін", - деп жазылған құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу