Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мемлекет басшысы мен Үкіметтен тапсырмалар алдық. Көп жыл бойы бюджетті қалыптастыруға атсалысып жүргеніме байланысты 2025 жылдың өзінде-ақ қажетсіз, тиімсіз шығындарды жоюға тырыстық, – деді ол.
Қала басшысы биыл жұмысты қарқынды бастап жатқанын жеткізген. Себебі, қажетті қаражатты игеру маңызды.
– Әрі қарай нақтылаудан кейін бізде қандай жағдай бар екенін тағы бір рет қарастырамыз. Егер әкімшілік осы жылды аса қарқынды бастамаса, қажетті қаражатты игере алмаса, олар да оңтайландырылады, – деп қоса кетті әкім.
Айта кетейік, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орынсыз шығынды тоқтатуды, жаппай үнемдеуге көшуді тапсырған еді.
Сонымен қатар, бюджет қаржысын тек аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсау керегіне басымдық берген-ді.