Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау: Шілдеде 4 193 өтініш түсті

443

Бұл осы жылдың маусым айына қарағанда 15,9%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау: Шілдеде 4 193 өтініш түсті Фото: inbusiness.kz

Биылғы шілде айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 4 193 өтінішін қарады.

Ақпаратқа сәйкес, өтініштердің ең көп бөлігі банк секторына тиесілі (50,0%).

“Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер өтініштердің жалпы санының 23,0%-ын, коллекторлық агенттіктердің 6,0%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 2,0%-ын, өзге ұйымдардың 17,5%-ын, қаржы ұйымының атауын көрсетусіз 1,5%-ды құрады”, - делінген хабарламада.

Агенттік шілдеде 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 5 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 13 хаттама бойынша 4,6 млн теңге жалпы сомаға 13 әкімшілік жаза қолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу