Қаржы мәселелері жөнінде халықаралық дөнгелек үстел өтті

2036

Еуразия ұлттық университетінің қаржы кафедрасы төл валютамыз теңге күніне орай апталық өткізуді әдетке айналдырған.  

Қаржы мәселелері жөнінде халықаралық дөнгелек үстел өтті

Биыл бес күндік ғылыми-әдістемелік семинарлар легі халықаралық дөңгелек үстел жиынымен қорытындыланды, деп хабарлайды Atameken Business.  

"Цифрлы қаржы" тақырыбында өткен кеңеске Ресейдің Пенза, Алтай университеттерінің оқытушылары келіп қатысты. Қонақтар біреше күн бойы кафедра студеттеріне дәріс оқып, оқытушылар құрамымен іс-тәжірибе алмасты. Ал, ұлттық валюта күніне орайластырылған ғылыми жиынға қазынашылық комитеті, есеп палатасы мен Ұлттық банк секілді қаржы мекемелерінің мамандары да қатысты. Аймақтардағы әріптестері болса халықаралық шараның барысын онлайн форматта бақылады. Айта кету керек, биылдан бастап Еуразия ұлттық университетінің қаржы кафедрасы екі басым бағыт бойынша жаңартылған білім бағдарламасын іске қосқан. Университет мемлекеттік және банк қаржы мамандарын дайындап шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу