Қаржы министрі: 9 айдағы қазына кірісі – 1 трлн теңгеден артық

987

Қаржы министрі: 9 айдағы қазына кірісі – 1 трлн теңгеден артық

9 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке түскен кіріс мөлшерден 1 трлн теңгеге асып түсті, деді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің отырысында, деп хабарлайды strategy2050.kz

"Биылғы жылдың  9 айында мемлекеттік бюджетті орындау  сапалы көрсеткіштерге ие болды. Кіріс  қатары  жоспардан артығымен орындалды, салық өткен жылдың көлеміндей жиналды. Шығындар игерілді,  қазіргі кезде шарықтау шегіне жетіп отыр.  Шығындардың жартысы  – әлеуметтік, қалғаны экономикалық өсімге бағытталды.  Өңірлік экономика  экономикалық тұрақтылыққа бағытталған трансфертпен қолданды. Жалпы, бюджетте оңтайлы өсім бар", – деді Б.Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, салықтық-бюджет саясатының оңтайлы орындалуы экономикалық жағдайға оң әсер етеді.

"Кірістер  1 трлн теңгеге артық жиналды. Бұл макроэкономикалық ортаның жақсарғанын көрсетеді. Мәселен,  белсенді төлеушілер қатары  7,3 пайызға көбейіп,  85 мың кәсіпорынды құрады.  Кірістердің  жоспардан асып кетуі  бюджетті нақтылауға себеп болды.  Осылайша, экономиканы қолдау  қосымша салықтарды жинауға әсер етті, ал салықтар бюджет арқылы  қайта экономикаға айналып келеді. Жалпы,  мембюджет кірісі  126 пайызға орындалды, оның ішінде республикалық бюджет 131 пайызға, ал жергілікті бюджет  115 пайызға жүзеге асты", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу