Қаржы министрі Әлихан Смайылов елорда мектебінде сабақ өткізді

1484

Сабақ барысында Әлихан Смайылов Үкіметтің қызметі туралы және Қаржы министрлігіне жүктелген маңызды мәселелер туралы айтты.  

Қаржы министрі Әлихан Смайылов елорда мектебінде сабақ өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов білім күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы №22 мектеп-гимназиясының оқушыларына азаматтық және патриотизм тақырыбында "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбында сабақ өткізді, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ол оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өмірдегі ең қызықты кезең, баға жетпес білім мен дағдыларды игеру уақыты, сондай-ақ нағыз достарды кезіктіретін шақ-мектептегі кезең екенін атап өтті.

 

"Қазіргі уақытта сәттілікке жету үшін үнемі үйреніп, өзінді-өзің жетілдіріп отыру керек. Біз ойлауды және шешім қабылдауды, интеллектуалды және рухани бай тұлға болуды үйренуіміз керек. Ал өз елінің патриоты болу үшін сендер өз еліңіздің тарихын оқып, ата-бабаларыңызбен мақтана білуіңіз керек, оларға лайықты болуға ұмтылуы маңызды", - деді Ә.Смайылов оқушылармен әңгіме барысында. Балалар өз кезегінде қонаққа қызықтырған сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында Ә.Смайылов оқушыларға оқуда сәттілік, білімге деген құштарлық пен мақсатқа жетуде табандылық тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу