Қаржы министрі қайтарылған активтер қорында қанша қаржы бар екенін айтты

209

Министрлікте заңсыз активтер бойынша арнайы шот бар. 

Қаржы министрі қайтарылған активтер қорында қанша қаржы бар екенін айтты Фото: Санат Имангалиев

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте 176,9 млрд теңгеден бөлек мемлекетке мүлік түрінде қайтарылған активтер де бар екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бюджет тапшылығы деген мәселе жоқ. Бізде кірістердің төмендеуі байқалады. Жалпы экономиканың өсімі, барлығы осыған байланысты. Экономика неғұрлым өссе, салықтық базамыз да соғұрлым кеңейетін болады. Бұл біздің күнделікті айналысып жүрген жұмысымыз. Екі-үш жылдың ішінде біздің мемлекеттік қаржы саласы тұрақтанады деп сенеміз", - деді Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Ведомство басшысы мемлекетке қайтарылған қаражат экономикаға жұмсалатынын айтты.

"Қорға қаржы мүлік және ақшалай түрде түсіп жатыр. Бұл жұмыс осы жылы ғана қолға алынды. Өздеріңіз білесіздер, тиісті комиссия өз жұмысын жүргізіп жатыр. Бас прокуратураның арнайы комитеті құрылды. Бұл да өз септігін тигізіп жатыр. Олар бұл жұмыспен мақсатты түрде айналысып жатыр және нәтижелері оң болады деп сенеміз. Бұл қаржы Мемлекет басшысының шешімімен экономиканың дамуына, инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатын болады", - деді Нұрлан Байбазаров.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің сөзінше, министрлікте заңсыз активтер бойынша арнайы шот ашылған.

"Бүгінгі таңда осы шотта 176,9 млрд теңге жиналды. Ол ақша ең қажетті инфрақұрылымдық жобаларға жіберілетін болады. Біз оның тізімін шығарып жатырмыз. Мысалы, өңірлерде су проблемасы көп. Электр энергиясының қуаты бойынша мәселелер бар. Біз жоба жасап, әрі қарай Үкіметте ақылдасқаннан кейін, ол ақшаны қайда және не үшін жіберілгенін ашық көрсетеміз", - деді ол Үкіметте өткен брифингте.

Айтуынша, 176,9 млрд теңгеден бөлек мүлік түрінде қайтарылған активтер де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу