Қаржы министрі: "Қазақстан темір жолы" ІРО-ға дайын емес

1269

Әлихан Смайыловтың айтуынша, жолаушылар тасымалымен айналысушы компания біраз қарызға батыпты.

Қаржы министрі: "Қазақстан темір жолы" ІРО-ға дайын емес

"Қазақстан темір жолы" акциясын ІРО-ға шығаруға дайын емес. Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның ұлттық компнаиялар жөнінде қойылған сұрағына Қаржы министрі осылай деп жауап берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, жолаушылар тасымалымен айналысушы компания біраз қарызға батыпты. Қазір Үкімет оны реттеумен айналысып жатыр. Сондықтан бәскелес ортаға беру шарасы кейінге, нақтыласақ 2023 жылға шегерілген. Тіпті жыл басында Қаржы министрлігі компанияның шығынын жабу үшін 1,1 млрд еуроға облигация шығарғаны есте.

2018 жылы "Қазақстан темір жолының" қарызы 1,7 трлн теңгеге жеткені айтылды. Бірақ содан бері борышы өспесе, азаймаған сынды. Жиыннан кейін тілшілер алдына шыққан министр де мұны нақты айта алмаймын деді.

"Самұрық қазынаға" тиесілі өзге "Қазақтелеком" және "Эйр Астана" бастаған бірнеше компанияның акциясы ІРО-ға шығару мерзімі өзгертілмепті. Олар 2020 жылы сатылымға қойылуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу