Қаржы министрі: Кеденнен түсетін салық артып келеді

655

"Мемлекетке келген 165 млрд теңге шығынды биыл толтыруға күш саламыз". Бұл – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сенат кулуарында журналистерге айтқаны, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Қаржы министрі: Кеденнен түсетін салық артып келеді

"Қазір кеденнен түсетін салық динамикасы жақсы, артып келе жатыр. Жыл басынан бері кеденде тауарларға төленетін баж салығы есебінен 175 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Былтырғы ұқсас кезеңнен 25 пайыз артық. Былтыр негізгі себеп пандемия болып, табыс кеміген. Одан кейін тауарды әкелгенде баж салығын толық төлемеу фактілері болды. Онымен құқықтық органдар шұғылданып жатыр. Бұған дейін айтқанымдай, мемлекетке келген 165 млрд теңге шығынды биыл толтыруға барынша күш саламыз", – деді министр.

Бұған дейін кедендегі заңсыздықтардан мемлекетке 165 млрд теңге шығын келгені хабарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу