Қаржы министрі: Мемлекеттік кірістер комитетінің штаты қысқарады

1211

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің штаты 10 пайызға қысқартылатын болады.

 Қаржы министрі: Мемлекеттік кірістер комитетінің штаты қысқарады

 ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің штаты 10 пайызға қысқартылатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Қаржы министрлігі заңға бойсұнатын бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуге бағытталған бағдарды ұстанады. Өткен екі жылдың ішінде тексерулер саны 2 есеге қысқарды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Аталған шаралар бізге Мелекеттік кірістер комитетінің штатын 10 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Ал үнемделген қаражатты комитеттің қызметкерлерін материалдық ынталандыруға жұмсайтын боламыз", - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар министр Қытайдан импортталатын тауарлардың расталған декларациясы мәселесіне де айрықша назар аударылатындығын айтты. Бұл мақсатта тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау аясында жүргізілетін тексеру шараларының күшетілгендігін атап өтті. "Қытай тарапымен бірге "Ақылды құлып" ілкі жобасын жүргізу жоспарланып отыр. Тауар Қытайдан жөнелтілген кезде "Ақылды құлып" чипіне экспорттық декларация мәліметтері енгізілетін болады. Мемлекеттік кірістер комитеті мен Бас кеден басқармасының ақпараттық жүйелерін интеграциялау қажет", - деді ол.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу